Жандосов ауылдық округінде су мәселесі шешіледі  

Жандосов ауылдық округінде су мәселесі шешіледі   

Жандосов ауылындағы сан жылдар күн тізбегінде келе жатқан мәселесі шешілетін болды. Осы жайлы бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев Жандосов ауылдық округінің тұрғындарымен онлайн  есеп беру жиналысында айтты, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Барлық санитарлық талаптар ескерілген онлайн жиынға Жандарбек Ермекұлының  орынбасарлары, бірқатар жауапты бөлім басшылары және аудандық мәслихат депутаттары қатысып отырды.

Күн тәртібінде алдымен Жандосов ауылдық округінің әкімі Мерхат Ахметов пен  аудан әкімі Жандарбек Далабаев 2020 жылдағы округ пен ауданның атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өскенін айтып, келесі жылға дейін жалғасатын бірқатар істер жайлы баяндады. Алайда тіршілік болған жерде тұрмыстық мәселелердің туындауы заңдылық. Сондықтан тікелей эфир арқылы жолданған тұрғындардың көптеген сұрақтары жан-жақты талқыланды. Ауыл халқының тарапынан, әсіресе, су мәселесіне қатысты сауалдар көптеп  жолданды.   Бұл біраз жылдар күн тәртібінен түспей келе жатқан ауыз су мәселесі Жандарбек Ермекұлының қолдауымен түбегейлі шешілмек.  Яғни,  Жандосов ауылы үшін сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қажетті   қаражат бөлініп, қазіргі таңда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қайрат ауылының  тұрғындары  да  «Қаскелең су топтамасы» жобасының аясында сумен қамтамасыз етілетін болады.

Жандосовтықтар онлайн жиын барысында кітапхана, Мәдениет үйі мен ойын алаңдарын жоқтығы, пошта ғимаратының ескіргендігі, интернеттің әлсіздігі туралы  сауалдар қойды. Мәдениет үйі мен ойын алаңдарына салу үшін жер телімін округ аймағынан табуды ауыл әкімі Мерхат Ахметовка жүктеді. Сонымен қатар,  Жандосов ауылында меценаттардың қолдауымен жұмысын бастаған «Оқырмандар үйі» деп аталатын  кітапхана мен мәдени үйірмелер орналасқан жекеменшік мекемені мемлекет иелігіне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы аталған ғимарат мемлекеттік статусын  алған соң, оны одан әрі жандандырылатынын айтты.  Сонымен қатар, Жандарбек Ермекұлы  «Көпбалалы ана ретінде үй кезегіне тұрсам болады ма?», «Үйіме келетін судың құбыры қатып қалды», «Екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көмектер бар?» деген сынды тұрғындардың жекелей сұрақтарын да назардан тыс қалдырған жоқ. Жарыққа жауапты «Алатау жарық компаниясы», интернетке жауапты «Қазақтелеком», пошта торабына жауапты «Қазпошта» акционерлік қоғамдар және осы округті  газбен қамтамасыз ету қызметіне жауапты «Сигма» ЖШС-і   жекеменшіктің иелігінде болғандықтан, олардың саясатына атқарушы органдар араласа алмайды. Сондықтан өз кезегінде  Ж. Далабаев  тұрғындар нақтылы сұрақтарын тікелей  қою үшін тоқсанына бір рет аудандағы барлық округтерде аталған мекеменің өкілдерімен кездесу өткізуді ұсынды. Тікелей байланыс соңында  аудан әкімі әдеттегідей кейбір әлеуметтік мәселелерді тиісті бөлім басшыларына тапсырып, күрделі жұмысты қажет ететін істерді уақыт талабымен іске асатынын айтты.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях