Тұрақтылық – маңызды қадам

Соңғы уақыттарда елімізде орын алып жатқан саяси жағдайлар халықты біраз алаңдатқаны рас. Өйткені, біздің мемлекетімізде «тұрақтылық» ұғымы қашанда маңызды болып саналады. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу туралы шешімі өте құптарлық деп білемін. Тұрақты Президенттің болуы еліміздің өркендеу жолында жасалар тағы бір нақты қадамдардың бірі. Оның ішінде соңғы кездері жиі көтеріліп жатқан көп балалалы аналардың жағдайы сияқты әлеуметтік мәселелерді де айтуға болады. Аталмыш мәселенің төңірегінде көптеген сан сауалдар туындап жатқанымен, облысымыз бойынша бірқатар жұмыстар да атқарылып жатқанын айтқан жөн. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, жағдайы төмен қамтылған және көпбалалы отбасыларға баспаналардың берілуі, сондай-ақ, аналарға қоғамдық көліктерде тегін жүру жағдайы да қарастырылып отыр. Ал, елімізде жаңа Мемлекет басшысының сайлануы жоғарыда аталған мәселелердің оңтайлы шешуіне үлкен септігін тигізер деп ойлаймын.

Еліміздің ішінде барлық жағдай реттілікпен қалыптасу үшін тұрақты Президенттің болуы орынды. Биліктің тұрақталығы халықтың әл-ауқатының түзелуіне көп септігін тигізетініе сенімім мол.

Атлана Исаева,

Қарасай аудандық мәслихат депутаты,

Қарасай аудандық «Заман жаршысы» ЖШС-нің директор-бас редакторы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях