Жеңіс күнімен құттықтады

0
2149

Ауданымыздағы Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майдан ортасында болып қайтқан қарт жауынгерлеріміз әрдайым басшылық назарында. Қандай мерекеде болса да құрмет биігінен көрінетін ардагерлерімізге және оларға теңестірілген жандарға, тыл еңбеккерлеріне, әсіресе, 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай көрсетілетін сый-сияпат ерекше. Бұл мәселеде халық қалаулылары да шет қалмай, ізгі іске өз үлестерін қосуда. Мәселен, атаулы күн қарсаңында, аудандық мәслихаттың депутаты Айтбай Көшкімбаев Бірінші Май округіне қарасты Бекболат ауылының тұрғыны Малик Сатыбалдиевты округ әкімі Ержас Тоқтасыновпен бірге, арнайы барып құттықтады. 1928 жылы туған, тыл тауқыметі мен ауыртпашылығын көппен бірге арқалаған, бүгінде тоқсанға қадам басқан атаның омырауы орден-медальға толған. Жалынды жастық қайратымен қоғам өмірінде де белсенділік танытып, кезінде үш мәрте депутат та болып сайланған. Қарасай ауданының Құрметті атағының иегері бүгінде бір әулеттің ақылшысы әрі тірегі болып, немерелері мен шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Айтбай Жексенбайұлы қарияға шын жүректен жақсы тілегін жеткізіп, әлі де ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сияпатын ұсынды. Өз кезегінде ақсақал да аталық ақ батасын беріп, елі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын айтты.

Жалпы, Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ауданымыздың барлық мекеме, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары қарасайлық қарт майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көңіл бөліп, арнайы барып құттықтады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь