Құжаттардың мерзімі аяқталғанда SMS ескерту келеді

Құжаттардың мерзімі аяқталғанда SMS ескерту келеді

Бұдан былай телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға жеке куәліктің, паспорттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы SMS хабарлама келеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы мәлімдеді.

Қажетті қызметке арнайы сілтемесі бар хабарлама куәлік мерзімнің аяқталуына бір ай қалғанда жіберіледі. Мәселен, «Есіңізге саламыз, жақын арада сіздің жеке куәлігіңіздің (паспорттың, жүргізуші куәлігінің) қолданылу мерзімі аяқталады. Жаңа құжатты алу үшін Сіз үйден шықпай-ақ eGov.kz арқылы өтініш бере аласыз». Осындай ескерту телефон нөміріңізге келеді.

«SMS хабарлама жіберу арқылы біз проактивті форматта жақын арада құжаттың мерзімі аяқталатын қазақстандықтарды ескертуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтарға eGov.kz порталы арқылы құжаттарын мерзімі өтпей тұрып тапсырыс беру мүмкіндік туады. Осылайша біз қазақстандықтарды мерзімі өткен құжат үшін салынатын айыппұлдан қорғаймыз», — деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

SMS хабарламаны алған азаматтар eGov.kz порталында өз құжаттарын ұзарта алады. Жеке куәлік пен паспортты «Паспорт, жеке куәлік алу» қызметін пайдалану арқылы ұзартуға болады.

Бір ескеретін жайт, қолданылу мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжатты тек ХҚКО-да ауыстыру керек. Жүргізуші куәлігін құжаттың қолданылу мерзімі өткен, тегі, аты және әкесінің аты өзгерген, жоғалған немесе ұрланған жағдайда eGov.kz порталында онлайн өтінім беру арқылы қайта шығаруға болады. Ол үшін порталда «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау қажет.

Дәл осындай хабарламаның басқа түрі бұдан былай туған күн иесіне де жолданатынын айта кетуге болады. Яғни, мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтарға туған күніне орай 1414-тен құттықтау-хабарлама келеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях