«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXІХ конференциясы

«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXІХ конференциясы

Конференция делагаттарының қатысуымен өткен жиында маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы болып, күн тәртібінде маңызды мәселелер талқыланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева жетекшілік етіп, делагаттар қатысуымен өткен басқосуды жүргізіп отырды. Конференцияның жұмысына бастауыш партия ұйымдарының делегаттары мен оның төрағалары, Алматы облыстық Саяси Кеңесінің мүшесі Максим Стадников, мәслихат хатшысы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, партия ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар және жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысып отырды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат сөз алып, қазіргі таңда жүзеге асып жатқан партиялық жобалардың жұмыс барысын баян етті. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын орындау барысын түсіндірді. Оның ішінде «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» сияқты ұлттық жобаларды айтуға болады.

Партияның осындай нақты жобалары айтылып болған соң, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағат Ұлтарақов жарыссөзде өз баяндамасын оқып, саяси науқан болып табылатын алдағы Президенттік сайлау жайлы өз ойын ортаға салды.

Осыдан кейін бүгінгі конференцияға жетекшілік етіп отырған аудан әкімінің орынбасары Айжан Нұрділдәқызы күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталды. Нақты айтқанда, Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XХVІ конференциясына делегаттарды сайлау қажетігі сөз етілді. Сонымен, делегаттар тізім бойынша дауысқа салу арқылы қабылданып, құрамы бекітілді. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары А.Назарбаева конференция делегаттары мен шақырылғандарға күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралғанын айтып, отырысты жабық деп жариялады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях