Қонаев қаласында экоакцияға 800-ден артық кәсіпкерлік объектілер қатысты

Қонаев қаласында экоакцияға 800-ден артық кәсіпкерлік объектілер қатысты

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында республикалық сенбіліктер науқаны жалғасуда. Осының аясында бүгін қаланың аумағындағы 800-ден астам кәсіпорындар өз аумақтарын тазартты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Тазалық жұмыстарына қатысқандар қатарында «Бағашар мекен» ЖШС, «Акрилат» ЖШС, жем зауыты, «Қонаев қаласының жылу желілері» ПВХ МКҚК, «Қапшағай ауданының газ желілері» ЖШС, «Агрофит» ЖШС сынды ірі кәсіпорындар болды. Сонымен қатар кафе, мейрамхана, дүңгіршектер мен дүкендері атсалысты. Қызметкерлер нысандардың аумағын және іргелес көшелерді тазартты. Шараға барлығы 2000-ға жуық адам қатысып, 116 қап қоқыс шығарды.

Айта кетейік, жалпы «Таза Қазақстан» акциясының бірінші аптасы Алматы облысында белсенді түрде жүргізілуде. Оған бүгінде 80 мыңға жуық адам, яғни 9 аудан, бір қала, 300-ден астам ауылдық округтер аумақтарын, аулалар мен көшелерді тазалауға құлшыныспен атсалысуда.

Нәтижесінде 700 аумақ тазартылып, 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 92 бірлік тиеу және 350 жүк техникасы пайдаланылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях