Жас полиция қызметкері

Жас полиция қызметкері

Еліміздің полицейлерінің төл мерекесінде ауданымыздың тұрғындарының өмірі мен тыныштығын сақтауға өзіндік үлесін қосып жүрген жас полиция қызметкері Шыңғыс Чинсызбай туралы айтып өтуді жөн көрдік. Бұл туралы karasayinfo.kz желілік басылымында. 

Көптеген ер балалар құсап тәртіп сақшыларының қатарында қызмет етуді бала кезінен армандаған кейіпкеріміз аудан орталығы Қаскелең қаласының тумасы. Осы жердегі орта мектепті бітіргеннен кейін арман қуып, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясына түседі. Сөйтіп оқуды аяқтап, 2018 жылы аудандық полиция бөліміне қатардағы полиция қызметкері ретінде орналасқан. Кейіннен екі ай Шымкент қаласындағы оқыту орнында арнайы курстан өтіп, лейтенант дәрежесіне көтеріледі. Ал, бүгінде аға лейтетант атанған 25 жасар Шыңғыс тыныштықты қамтамасыз ететін учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.
Оның ойынша, бұл салада қызмет ету үшін өжеттілікпен қатар, жауапкершілік те бойдан табылуы тиіс. Сонда ғана аумақтағы құқық тәртібін нығайтып, тұрғындар қауіпсіздігін сақтауға толық мүмкіндік болады.
– Біздің жұмыс таңғы сегізден түнгі 11-ге дейін. Кейбір кездері, тіпті, одан да көп уақыт жұмыс істейміз. Өйткені, жұмыс талабы қатал, босаңсып, осалдық танытуға болмайды. Бұл салаға келгелі бері көптеген адамдарды кездестірдім, бірталай оқиғаларды бастан өткердім, бірақ, осы мамандықта істеп жатқаныма еш өкінбеймін. Керісінше, еліміздің азаматы, ер жігіт ретінде полиция қатарында жұмыс істеп жүргенімді мақтан тұтамын, – дейді Шыңғыс.
Болашаққа деген ұшқыр арман-қиялдарына бірте-бірте қол жеткізіп келе жатқан талапты жас жігіттің ендігі алдағы мақсаты ел тыныштығын сақтау жолында қызмет ету.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях