Әке жолымен жүрген жігіт

Әке жолымен жүрген жігіт

Бүгін 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні. Осыған орай біз өз ортасында үлгілі әрі қарапайым да жақсы адам ретінде белгілі, аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы   Ілияс Қалиев туралы айтуды жөн көрдік. Бұл туралы   karasayinfo.kz  желілік басылымында.

Ілияс Еділұлы Күрті ауданындағы Қазыбекбек бекетінде үлкен отбасында дүниеге келген. Бала кезінен талай жылдар бойы халқы үшін аянбай қызмет еткен әкесі Еділ Қалиев пен анасының берген тәрбиесімен өскен ол бала кезінен ақылды әрі белсенді, жасампаз істерге бейім болған. Осы қасиеттерінің арқасында оқыған мектебінде әрдайым озық оқушылардың  ортасынан көрініп, оны үздік аяқтаған. Білім ордасынан кейін Қазақ экономика университетін (қазіргі Нархоз) «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейінен жұмыс істеп жүріп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде магистратураға түсіп, ол жерден «заңгер» мамандығын алып шықты.  Алғашқы еңбек жолында 2011 жылы Райымбек ауылдық округінің әкімдігінде бас маман, салық инспекторы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде бас маман болып еңбек еткен. 2016 жылы Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызметке тағайындалды. 2017 жылдың қараша айында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне ауысты. Лауазымының аты айтып тұрғандай, бұл қызметте аудан экономикасының дамуына үлкен үлес қосып жатқан кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істей бастады. Осындай маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келе жатқан Ілияс Қалиевтің адал еңбегі лайықты бағасын алып та жүр. Ол бірнеше мәрте аудан әкімдігі мен облыстан өз ісінде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп, мемлекеттік қызметтің дамуына үлес

Мемлекеттік қызметте 9 жыл жұмыс атқарып, бүгінде өз ісінің маманы атанған, әріптестерінің арасында абырой жинап үлгерген кейіпкеріміз осындай маңызды әрі қиын салаға кездейсоқ келмеген екен. Әкесі   көп жылын мемлекеттік қызметке арнап, жоғары жетістіктерге жеткен сала ардагері.

Міне, осылайша өзінің өмірлік жолында еліне қызмет етуді тандап, әке жолымен кеткен кейіпкеріміз Ілияс Қалиев сынды талапты да тиянақты мамандардың еңбегі қашанда зор бағаға лайық.

Қорыта келе айтарымыз, жақындары мен достарының арасында қамқор ұл, сенімді күйеу, жақсы әрі адал дос, ал, еңбек жолында білікті басшы Ілияс Еділұлын төл мерекесімен құттықтай отырып, әрқашан тек биіктен көріне беруіне тілектеспіз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях