Жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылғалы жатыр  

Жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылғалы жатыр   

Білім және ғылым саласындағы жаңа мемлекеттік бағдарлама 2019 жылдың соңында бекітілмек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

– Осы жылдың соңында 2025 жылға арналған Білім және ғылым саласындағы жаңа мемлекеттік бағдарлама бекітіледі. Ол бағдарлама шеңберінде үш ауысымды мектептердің мәселесін шешеміз. 500 мектептің құрылысы жоспарда бар. Одан бөлек 100 жеке меншік мектеп ашылмақ, – деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Ұзақбайұлы.

Оның айтуынша, 2021 жылда мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары білім берудің жаңа бағдарламасына көшеді. Яғни, шағын мектептегі білім сапасына ерекше мән беріліп, ауыл мен қала мектептері арасындағы айырма төмендетілмек.

Сонымен қатар, 390 колледж «WorldSkills» халықаралық стандартына көшіп, олар модулды бағдарламамен жұмыс істейді. Нарықтың сұранысына сай колледждер оңтайландырылады. Жатақхана мәселесі де назардан тыс қалған емес. Биыл 8 мың орын, 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақханалар пайдалануға берілу жолға қойылуда.

Оған қоса Премьер-Министр 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 30 процентке өсетінін де айтты. 122 мың студенттің алдағы күзде шәкіртақысы өсіп, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына арналып қосымша 5 мың жеңілдік гранты бөлінбек.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях