Қарасай ауданының жол полицейлері екі күнде 5 алкогольдік ішімдік ішіп автомобиль тізгініне отырған жүргізушіні ұстап, жол-көлік апаттарының алдын алды. Ақпанның 11-і мен 13-і аралығында өткен «Мас жүргізуші» жедел іс-шаралары шеңберінде бұдан бөлек тиісті құжаттарсыз темір тұлпар тақымдаған екі, жалған мемлекеттік нөмір тағып алған бір адам құрықталған. Одан бөлек, қауіпсіздік белдігін тақпағандар, көлік тізігінінде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескендер, көлігінің техникалық жарамдылығын растайтын қағазынсыз жүргендер, басқа да жол жүру ережесін елемегендер де бұл күндері тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, рейд барысында барлығы 37 хаттама толтырылған. Аудандық ІІБ ЖПҚ жол потрульдік ротасының қызметкерлерінің айтуынша, шара барысында қосымша түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп, көлік тізгіндегендердің әрбір олқылықтары мен ортақ ережеге деген немқұрайдылықтары өзінің де өзгенің де өміріне үлкен қауіп төндіретіндігі қатаң ескертілген. Ал, спирттік сусынға елітіп алып жолға шыққандардың ісі әкімшілік сотқа жолданыпты. Енді олардың үш жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылулары әбден мүмкін.
Қарасайдағы жоғарғы трасса пайдалануға беріледі
Алматы агломерациясын ғана емес, жалпы елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға арналған «БАКАД» құрылысы қарқынды жүруде. Оның жалғасы болып табылатын жоғары трасса жақын арада пайдалануға берілмек,...
«Асыл арман» тұрғын үй кешенінің маңындағы заңсыз саудагерлерге айыппұл салынды
«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында соңғы уақыттарда көбейіп кеткен заңсыз сауда орындарына байланысты жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған комиссия мүшелері рейд жұмыстарын жүргізді,...
В Алматы открыт уникальный научный центр «Институт глаза Lucy»
В Алматы открыт уникальный научный центр «Институт глаза Lucy», располагающий современным медицинским оборудованием последнего поколения мирового уровня, не имеющим аналогов в Казахстане. Первыми испытали...
Жыл басынан бері халық саны 77 мыңға артты
2022 жылдың мамыр айына дейінгі статистика бойынша халық саны 19 199 844 жеткен, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес 2022 жылдың...
«Болашақ» қоғамдық бірлестігінің атқарған жұмыстары ауқымды
Іле ауданы Алматы облысы бойынша қоғамдық қозғалыс дамыған аймақтардың алдыңғы шебінде. Солардың қатарында Өтеген батыр ауылындағы «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисі де бар. Аталған қоғамдық бірлестік...