Жұмыла жұмыс атқарған еріктілер

Жұмыла жұмыс атқарған еріктілер

Қарасайлық еріктілер бірлесе жұмыс атқарды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Еріктілер жылының аясында ауданымыз бойынша игі істердің реті қолға алынып, жастардың белсенділігімен бірқатар бастамалар өз деңгейінде басталып кетті. Жалпы, Волонтер жылына орай жеті бағытты қамтитын іс-шаралар жоспары бекітілген. Атап айтқанда, балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді қамқорлыққа алу, науқастарды қарауға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, қарттар үйлерінде жұмыс атқару, ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларына көмектесу, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай игі істерді жүзеге асыру.

Жоғары аталған байыпты бастамалардың бірін кеше ерікті қарасайлықтардың бір тобы татулық пен бірлікті мақсат етіп, Шамалған ауылындағы «Úshqońyr» спорт кешенінде жұмыстар атқарды. Өз тарапынан аталмыш орталықтың директоры Дәурен Төлеген де қолғабыстық ниетін танытып, іске деген белсенділігін көрсетті.

Аудан жастары осылайша спорттық нысанның айналасын қардан тазалап, ерікті істерін көпке үлгі етті деуге болады. Ал, жұмыла кіріскен жұмыстың жүзеге асуына ұйытқы болған аудандық Жастар ресурстық орталығының ұжымы Волонтер жылының аясында мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасатынын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях