«Абайды оқы – таңырқа!» атты дөңгелек үстел

«Абайды оқы – таңырқа!» атты дөңгелек үстел

Аудандық орталық кітапхана ғимаратында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абайды оқы – таңырқа!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға ауданымыздың зиялы қауымы мен жастар қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ұлы Абайдың шығармашылығы, оның сөздерінің мәнін, мағынасын терең ашу, бүгінгі күнмен байланыстыру, пікір алмасу, ой қозғау мақсатында ұйымдастырылған басқосуда алдымен ауданымыздың белсенді жасы Аяулым Болатбек ақынның өмірбаяны туралы кеңінен айтылған баяндама жасады. Мұнан кейін осы шараға келген құрметті қонақтар кемеңгердің өмір сүрген ортасы, туындылары және әділетсіздікпен арпалысқын қиын тағдыры, Еуропа мәдениетімен жақындау мақсатында реформатор болғаны туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, Абай тағылымының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы, шығармаларындағы ұлттық-рухани құндылықтардың көрініс табуы, заманауи білім берудегі бағыттың Абайдың айтқандарымен үндесуі, гуманизм бағытындағы ойлары ортаға салынды. Қара сөздеріне де ерекше мән беріліп, оның маңыздылығы және өзектілігі жайлы кеңінен айтылды.

Шара соңында оған қатысушылар заман өзгерсе де, қазақ баласы үшін Абай шығармаларының мәңгілік болып қала беретіндігіне тағы бір куә болды. Сонымен қатар, мазмұны мен маңыздылығы мол дөңгелек үстелге қатысқандарға естелік ретінде Абай Құнанбаев бейнеленген брелоктар сыйға тартылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях