Үздік және дарынды оқушылар слеті

Үздік және дарынды оқушылар слеті

Кеше «Khama Park» мейрамханасында Абай атындағы мектеп-гимназияның үздік және дарынды оқушыларының І слеті өткізілді. Бұл құрметке 5-11 сыныптан 270 оқушы лайықты деп табылған екен.

Осы білім ұясының 80 жылдығына арналған бұл үлкен іс-шараны гимназия  директоры Тұрсын Сайбырова ашты. Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары А. Назарбаева, қоғам қайраткері Едіге Жүнісбеков, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы С. Мәсімақынов, аудандық ардагерлер кеңесінің  төрағасы С. Қыдыралиев, аудандық  «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Ш.Қанатқұлқызы, аудандық әжелер алқасының төрайымы А. Бекбайқызы, ардагер ұстаз А.Көсемова сөйлеп, жас өрендерге ізгі тілегін білдірді, оларға лента тағып, медаль тапсырды.

Ал, Елбасының ұстазы, қадірменді қария Сейітхан Исаев балаларға ақ батасын берді.

Салтанатты бас қосуда оқушылар дөңгеленіп вальс биледі, әуелетіп ән салды, шабыттана өлең оқыды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях