Жастарға арналып 3 мың баспана салынады

Жастарға арналып 3 мың баспана салынады

«Еңбек етіп жүрген жастар үшін жалдамалы баспана салу» бағдарламасы бойынша 3 мың пәтер салынуы мүмкін деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елорда да өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамытудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жұмыс істеп жүрген жастар үшін тұрғын үй салу туралы бағдарламасы бойынша қандай істер жасалатыны жайында айтып өтті.

Бірінші вице министрдің айтуы бойынша қазіргі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына байланысты Жастар жылында еліміздің үш ірі қалаларында 3 мың пәтер салыну жоспарланып отыр екен. Аталмыш құрылысқа керек қаражат толығымен бөлінген. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында салынатын 3 мың баспананың құрылысы біткеннен кейін олар толығымен пайдалануға берілетін болады. Алдағы 3 жылда бұл бағдарлама жалғасын тауып, оның тиімді жақтары қарастырылатын болады. Егерде оның ұтымды жағы көп болатын болса, онда ол «Нұрлы жол» бағдарламасының бір бөлігіне айналуы мүмкін екенін айтып өтті Қайырбек Өскенбаев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях