Қазақстанда темекі қымбаттады  

Қазақстанда темекі қымбаттады   

Қазақстанда 2020 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша бір ай ішінде темекі өнімдерінің бағасы 0,7%-ға, жылына 12%-ға қымбаттады, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.

Фильтрлі темекілердің де бағасы өскен. Өсу қарқындылығы, әсіресе, Шығыс Қазақстан (3,2%-ға), Павлодар (2,5%) және Жамбыл облыстарында (2,1%-ға) байқалған. Айта кетсек, Қазақстанда шылым шегуге қарсы күрес жүріп жатыр. Мәжіліс «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне өзгеріс енгізу туралы ұсынысты екінші оқылымда мақұлдады. Темекі өнімдерін сатуға болатын жас 18-ден 21-ге көтерілді. Фильтрлі темекінің бір қорабы ҚР қалаларында 2020 жылдың сәуірінің соңында шамамен 465 теңге болған,  бұл 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 12,4%-ға қымбат. Сәуірде фильтрлі темекі, әсіресе, Семейде қымбаттаған: 6%-ға, бір қорабы 478 теңге. Одан кейінгі орында Павлодар (2,7%-ға, 454 теңгеге дейін) мен Тараз (2,4%-ға, 471 теңгеге дейін) тұр. ҚР ірі қалалары мен мегаполистерінде фильтрлі темекінің ең жоғары бағасы Қостанайда (490 тг), Ақтөбеде (488 тг) және Нұр-Сұлтанда (485 тг) тіркелді; ең төменгі баға Петропавл (439 тг), Қызылорда (444 тг) және Алматыда (447 тг).

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях