Үздік атанған қарасайлық энергетиктер автокөлік ұтып алды

Үздік атанған қарасайлық энергетиктер автокөлік ұтып алды

Маңғыстау облысында өткен республикалық байқауда ауданымыздың энергетиктері жеңімпаз атанып, автокөлік иеленді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. 

Қай жұмыс саласында да кәсіптік шеберліктің мәні үлкен, маңызы зор. Өз ісін шебер меңгерген, қандай қиын жағдайда да жол таба білетін мамандардан көп пайда келеді. Бұл ретте электр энергиясын өндіру жүйесіндегі жұмыстың, тіпті, жөні бөлек. Өйткені, мұнда қауіпсіздікке айрықша көңіл бөлінетіндіктен өте мұқият болу керек, әр істі де барынша тиянақты атқару қажет.

Осы ретте жуырда Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында электромонтерлердің арасында біліктілерді ақынтау үшін республикалық жарыс өтті. Аталмыш байқауға «Алатау жарық компаниясы» атынан қатысқан біздің Қарасай аудандық электр желісінің командасы қатысып, жеңіспен оралды. Сайыс қорытындысы бойынша команда бірінші орынмен бірге «УАЗ» автокөлігін алды. Жүлдегерлерді құттықтау үшін өткен аптада аудандық электр желісі кеңсесінің алдында салтанатты жиын өтті. Шара барысында республика бойынша жеңімпаз атанған электромонтерлерді «Алатау жарық компаниясының» басшысы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Мұхит Үмбетов шын жүрегімен құттықтап, су жаңа «УАЗ» автокөлігінің кілтін тапсырды.

Үлкен жарыста электромонтерлік нағыз кәсіби шеберліктері мен біліктіліктерін таныта білген қарасайлық энергетиктерді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях