Қазақстанда АИ-92 жанармайы арзандады

Қазақстанда АИ-92 жанармайы арзандады

Қазақстанда АИ 92-бензин жанармайы арзандап, шамамен 2 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда көктемнің алғашқы айында жанармай бағасы тұрақты болған еді. Бірақта мамыр айында жағдай өзгеріп, нарықтағы ірі бес компанияның үшеуі АИ-92 жанар майының бағасын төмендетті. Атап айтқанда, «Helios» станцияларында баға 147 теңгеден 145-ке, «Sinooil»-да 149 теңгеден 145-ке төмендеген. Ал, «Газпром» жанармай құю станцияларында жанармай 146 теңгеден сатылып жатыр. Есесіне «ҚазМұнайГаз» және «Royal Petrol» бекеттерінде баға өзгеріссіз қалған. «ҚазМұнайГазда» жанармай 149 теңге, ал «Royal Petrol» — 145 теңгеден сатылуда.

Ал, дизельдің бағасы еш өзгермеген. «Royal Petrol» жанармай құю станцияларында дизельдің бағасы ең төмен. Онда дизельдің литрі 188 теңге. «Helios» және «Газпромда» дизель құны басқаларға қарағанда жоғары. Мұнда дизельдің бір литрі 193 теңгені құрайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях