Еліміздегі имидждік шаралар саны азаяды

Еліміздегі имидждік шаралар саны азаяды

Қазақстанның қаржы министрлігі имидждік іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражатты оңтайландыруды жолға қоймақ. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Қаржы министрінің  бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда вице-министрдің айтуынша, министрлік жанынан жұмыс тобы құрылып, ағымдағы жылы оның аясында имидждік іс-шараларға бөлінген қаржыны тексеру және бағалау жүргізіледі.

– Бүгінде барлық мемлекеттік органдардан ақпарат жиналды. Әрбір мемлекеттік органды тыңдау, олар өткізетін барлық  шараларын толықтай қарау көзделуде.  Тексеріс шілде айының ортасында аяқталып, оның нәтижесінде  2020-2022 жылдарға арналған үш жылдық бюджетте әрбір іс-шараның қаншалықты қысқарғанын және неліктен қысқарғаны нақтылы көрсетілетін болады, – деді Берік Шолпанқұлов.

Қаржы министрі өкілінің айтқаны Сенат спикері Дариға Назарбаеваға ұнады. Осы ретте Дариға Нұрсұлтанқызы ведомствоға «мемлекеттік тапсырыс» және «мемлекеттік тапсырма» ұғымдарын нақтылау керектігін атап айтты. Яғни,  осы ұғымдардағы  нақтытылы тұжырымдаманың жоқтығанан көптеген  кәсіпкерлер мен шенеуніктер заңдағы ыңғайлы жолдарын тауып, бәсекелестік байқауларға қатысуға жалтарып жатады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях