САЙЛАУ КҮНІНДЕ ОРЫН АЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР

САЙЛАУ КҮНІНДЕ ОРЫН АЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР

9 маусым – ҚР Президентінің сайлау күні еліміздің кейбір аймақтарында қоғамдық және тағы басқа өзгерістер орын алатын болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылым.

Қазақстандықтардың басты назарындағы 9 маусым күні өтетін Президенттік сайлауға қатысты дайындық шаралар уақыт өткен сайын қыза түсуде. Саяси жағдай орын алатын күні еліміздің кейбір өңірлерінде бірқатар қоғамдық өзгерістер де орын алатын болады. Әлеуметтік желі арқылы тараған және БАҚ құралдарында жария болған мәліметтерге сүйенсек, 9 маусымда тіпті, кейбір сайлау учаскелері өз жұмыстарын ерте бастайтын болады. Мәселен, еліміз бойынша 9970 сайлау учаскесі бар болса, солардың ішінде 48 учаске 6:00-ден бастап дауыс беруді қабылдай береді. Ал, қалған учаскелер таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты сайлау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды. Алдын ала қорытындысы 10-11 маусымда жария болады.

Сонымен қатар, 9 маусым күні Алматы қаласындағы бірқатар базарлар да жұмыс істемейтін болады. Олар: «Ақбұлақ», «Түркісіб», «Арлан» және «Керуен» базарлары. Дәл осындай жағдай бас қаламыз Нұр-Сұлтанда да орын алады. Нақтырақ айтар болсақ, сайлау күні «Артем», «Көк базар»,  «Ұлжан», «Орталық»,  «Әсем», «Алай»,  «Эталон»,  «Сапар», «Әмір», «Алтай», «Көктал», «Сәлем», «Шарын», «Сарыарқа», «Керуен», «Шапағат», «Он-Олжа» сияқты 17 сауда орны күнделікті өз жұмыстарын 12:00-ден бастайды.

Президенттік сайлау күні еліміздегі бірнеше қалалардың қоғамдық көліктерінде де өзгерістер болып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалынады. Мысалы, «Елдің жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында елордалықтар қалалық және экспресс бағыттағы автобустармен тегін жүре алады. Одан бөлек, Қарағанды облысы мен Алматы, Шымкент қалаларының жолаушылары да қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемей, тегін жүре алатын болады.

Сайлау күніне орай Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты қалаларда әуе кеңістігін пайдалану бойынша тиісті шектеулер енігізілмек. Ол жайында Азаматтық авиация комитеті хабарлаған болатын. Онда:«2019 жылғы 9 маусымда сағат 04:00-ден 24:00-ге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумақтарында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар) пайдалану бойынша уақытша шектеу қойылады. Шектеулі ұшу аймағында (ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған жағдайда ) рұқсат етілмеген аппаратты (мысалы, дрондарды) қолданған адамға 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады (Әкімшілік кодексінің 563-бабы)» делінген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях