Қарасай жастары КТА лигасында өнер көрсетті

Қарасай жастары КТА лигасында өнер көрсетті

Қарасай сахнасында КТА ойыны өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Кеше ауданымызда алғашқы КТА лигасының тұсаукесері ретінде «Маусымашар-2019» ойыны өтті. Қарасай ауданы әкімінің қолдауымен және «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жастар жылының аясында, сондай-ақ, Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, ойы жүйрік, әзілге жаны жақын жастардан құралған топтардың шығармашылығын шыңдау мақсатында лиганың тұсауы кесілді. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова қатысушы командаларға  сәттілік тілеп, жастар орталығына, келіп отырған жанкүйер жастарға өз алғысын білдірді. Ал, кешті танымыл жайдарманшы, әзіл сахнасында тәжірибесі мол Хамит Ердахан жүргізді.

Қазылар алқасының қатарында үлкен сахналарға шығып жүрген «Жасарал» командасының ойыншысы Абай Әділханов және «АЭСА» командасының құрамында өнер көрсеткен Қуандық Досханұлы болды.

Өздерінің бағын сынап, КТА лигасына атсалысу мақсатында Жамбыл, Іле ауданынан және Алматы қаласынан да арнайы командалары келіп, бақсынасты. Айта кетсек, елге танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бастаған КТА лигасы еліміздегі Нұр-Сұлтан, Орал, Қызылорда және Тараз қалаларында ғана бар. Міне, енді осы қалалардың қатарына Қарасай ауданы да қосылғанын да ерекше айтуға болады. Маусымашарға жиналған 17 команда бірінен соң бірі ортаға шығып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ойынның қорытындысы бойынша 12 команда алдағы желтоқсан айына жоспарланған КТА-ның 1/8 ойынына  жолдама алды. Атап айтсақ, «Мәдениетті жігіттер», «Неге бәрі қыз?», «Қайнар жастары», «КазГАСА», «Ұқсамайтын егіздер», «Олимп», «МG», «Осындай да осындай», «Көпсалалы колледжі», «АЕСА», «Фаворит» және «Stil» командалары.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях