Волонтер студенттерге де қолдау көрсетіледі

Волонтер студенттерге де қолдау көрсетіледі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайту керектігін айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ҚазАқпарат сайтында жария болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылу жиынында Волонтер студенттердің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Әсіресе, олардың шәкіртақысына қатысты Үкіметке ұсыныс тастағанын айта кеткен жөн.

– Волонтерлердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады деп есептеймін. Үкімет бұл мәселені шешеді деп ойлаймын. Ал коммерциялық бағытта білім алатындарға әлеуметтік студенттік кредит жүйесін енгізу қажет, – деп айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы, қазіргі уақытта құрылып үлгерген волонтерліктің онлайн тұғырнамасы жұмысын жетілдіру маңыздылығына да назар аударды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях