Рухия Байдукенова көрсеткен қолдауы үшін жерлестеріне алғысын білдірді

Рухия Байдукенова көрсеткен қолдауы үшін жерлестеріне алғысын білдірді

   Облыс әкімі Амандық Баталов ХХХ халықаралық Витебсктегі «Славян базары» көркемөнерпаздар фестивалінің жеңімпазы Рухия Байдүкенованы қабылдады, деп хабарлайды   karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, байқауға аттанбас бұрын аймақ басшысы талантты әнші бойжеткенді қабылдап, сәттілік тілеген еді.

Туған елге жеңіспен оралған Рухия өз жетістерімен бөлісіп әрі қолдау білдірген облыс басшылығына алғысын білдіруге ниет етті.

Кездесу барысында Амандық Баталов бойындағы талант пен еңбекқорлығының арқасында Рухия Қазақстанды халықаралық аренада танытып, мыңдаған көрерменді өнерімен тамсандырғандығын айтты.  Өз кезегінде қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірген Рухия Байдүкенова жеңіс тұғырынан көрінуіне сенім мен күш берген жерлестеріне ілтипат ретінде жеңімпаз статуэтканы облыс басшысына табыс еткісі келетінін жеткізді. Ал, Амандық Ғаббасұлына  статуэтканы М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сақтауға тапсырды.

Өзінің алған әсерімен белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан да бөлісіп, Рухия конкурсқа қатысатын уақытта оның қолында ұшақтың билеті ғана болғанын, ал, қалған көмек пен қолдауды  Амандық Ғаббасұлының  тарапынан  көрсетілгенін атап өтті.

Рухия Байдүкенова жерлестерімен де кездесті. Талдықорған қаласының меценаттары мен кәсіпкерлері оған «Hyundai” маркалы автокөлігін сыйға тартты. Сонымен қатар, Рухияның ұстазы Серікжамал Әжібекова мен қолдаушысы Қымбат Досжанға 1 млн. теңгенің сертификатын табыстады. Талдықорғандықтар талантты жастың өнеріне деген сүйіспеншіліктерін осылайша білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях