Тоқаев Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барды    

Тоқаев Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барды      

Кеше түнде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін парадқа қатысу үшін Мәскеуге ұшып барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Тоқаев Қызыл алаңдағы әскерилер шеруін тамашалап, Белгісіз сарбаздың қабіріне гүл қою және салтанатты қабылдау шарасына қатысады. Уәлидің айтуынша, сапардан бұрын Тоқаев «коронавирус тестінен өткен». Оның сөзіне қарағанда президент тестен жиі өтеді. Дегенмен Уәли соңғы тестің нәтижесін хабарлаған жоқ.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях