Түркістанда Шәмшінің ескерткіші ашылды

Түркістанда Шәмшінің ескерткіші ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің алдында Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші қойылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі – 2,5 метр, ұзындығы – 3,5 метр. Авторы – Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, кәсіби шебер мүсінші Тілеуберді Бинашев. Ескерткіш демеушілер есебінен жасалды.

– Отырарда туып, ән падишаһы атанған, қайталанбас дарын иесінің есімін ұлықтау – бізге артылған абыройлы міндет. Түркістан қаласының жаңа орталығында бой көтерген композитордың ескерткіші – облыс жұртшылығына, қазақ еліне мереке қарсаңында тамаша тарту болып отыр, – дейді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях