Электронды еңбек кітапшасы

Электронды еңбек кітапшасы

2019 жылы елімізде тағы бір өзгерістердің бірі ол еңбек кітапшасының электронды нұсқаға ауысуы. Бұл ұсыныс бірнеше жылдан бері үкіметте талқыланып, Елбасының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап пилоттық жоба ретінде қолданылмақ. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламысы аясында қосылған жаңа электрондық база азаматтардың жұмысқа орналасу процесін оңтайландыруға арналған. Яғни халыққа көрсетілетін қызметткердің сапасын арттыру және азаматтардың жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Біріншіден, электронды еңбек шарттарын енгізу жұмысшылар үшін жұмысқа орналасу процесін жеңілдетеді, жеке іс автоматты түрде жасалады, қағаздарды жинау қажеттілігі болмайды. Бұл формат жұмыс берушімен тікелей байланыспай, үйден шықпай жұмыс істейтін вахталық жұмысшылар үшін өте қолайлы. Екіншіден, бұл жұмыс берушілердің жұмысшылар алдындағы жауапкершілігін белгілеуге және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін жарналар мен аударымдарды жүргізілетін мониторинг арқасында әлеуметтік қатерден қорғауға мүмкіндік береді.

Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі жұмыс берушіге жұмысшы туралы, оның білімі, еңбек өтілі жайында толық және шынайы ақпарат алуына көмектеседі. Жұмысшыларды іріктеу де сапалы жүргізіледі. Бұл мемлекетке жұмыс берушілермен қарым-қатынасқа мониторинг пен бақылау жүргізуге, сондай-ақ, азаматтардың кадрлық ағынын болжауға және оларды жұмысқа орналастыру бойынша алдын ала шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды форматқа ауыстырылған еңбек шарттары кадрлық есепті автоматтандыруға, қағаз түріндегі кітапшалар мен басқа да құжаттардың болмауын қамтамсыз етеді.

Жалпы айтқанда бірнеше жыл талқылауда жүрген аталған жоба осы жылы іске қосылып жатса, еліміздегі цифрландыру жүйесінін тағы бір бағыты жаңғыруын байқауға болады. Өйткені электрондық жұмыс кітапшасы арқылы кейбір қиындықтарды оңай жоюға септігін тигізуі сөзсіз.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях