UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді

Ережесіз жекпе-жек күресінің жеңіл салмақтағы «UFC» чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов өз әлеумет желілеріндегі оқырмандарымен қарым-қатынаста өте белсенді. Жақында ғана қазақстандық жанкүйерлерінің бірі Нурмагомедовтен балалар үйінің тәрбиеленушілерінің атынан үндеу жолдап, кітап сыйлауды өтінген болатын. Ресейлік файтер оған Instagram желісі арқылы жауап беріп, биыл Қарағандыға барамын және міндетті түрде сіздердегі балалар үйіне соғамын. «ИншаАлла, ал сенің өтінішіңе қатысты дайректте байланысқа шығып, жауабын күт», — деп жазған. Чемпионның «Instagram» желісінде 13,5 миллион адам жазылған. Нурмагомедовтің соңғы алты жазбасы жанкүйерлерінің өтініштеріне арналған. Және ол жанкүйерлерінің пікірлері мен жағдайға қатысты өз ойларының скриншотын да жариялаған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях