Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды

Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды

Биыл 28 тамыздан бастап жолаушылар тасымалы туралы ережеге енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Соның аясында пойыз билеттерін сатып алу жән қайтару тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР Темір жол жолаушылар тасымалы сайтына сілтеме жасап.  

“Жолаушылар тасымалы” компаниясының атқарушы директоры Едіге Мыхановтың айтуынша, енді заңды тұлғаның атынан бір топ жолаушының тапсырысын электронды-цифрлық қолтаңба арқылы орындауға болады. Алайда ол тапсырыс бұрынғыдай бір бланкпен рәсімделмейді. Әрбір жолаушыға жеке-жеке билет жасалады. Сондай-ақ, бастапқы тапсырысты өзгерту бойынша шектеу енгізіледі. Мұндай топтық тапсырысты қайтару және өзгерту үшін 30 проценттік депозит ұсталмақ. Бұған дейін резерв жасағаны үшін небәрі 290 теңге алынатын.

– Енді барлық топтағы мүгедек азаматтар әлеуметтік маңызы бар бағыттарға билет алса, 50 проценттік жеңілдікке ие болады. Бұрын ондай жеңілдік I топтағы мүгедектерге ғана берілген. Ал 28 тамыздан бастап II және III топтағы мүгедектер де билеттің жарты бағасын төлейтін болады. Коммерциялық бағыттар бойынша жеңілдік беруді тасымалдаушылардың өздері шешеді. Оған көбінесе “Тальго” пойыздары жатады. Қалған бағыттарға 50 проценттік жеңілдік жүреді”, – деді Едіге Мыханов.

Бұдан бөлек, теміржол билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге комиссия ұстамайтын болады. Алайда бұрынғы тарифтер сақталады, яғни билет бір тәулік бұрын қайтарылса, толық ақшасы беріледі. Бір тәуліктен аз уақыт қалған жағдайда плацкарттың құны ұсталады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях