«Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болды (Видео)

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болды (Видео)

Елімізде  табысы төмен отбасыларды несиелендіруге арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы өз жұмысын бастаған болатын. Бүгін ауданымызда осы  мемлекет ұсынған жеңілдікпен алғашқы болып баспанаға  қол жеткізген қатысушы анықталды. Жаңа қоныс иелерінің бұл қуанышымен аудан әкімі Жандарбек Далабаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» ғимаратына арнайы келіп құттықтап, пәтер кілтімен қоса өз атынан теледидарда табыстады.

2014 жылдан бері әкімдікте  кезекте тұрған Дана Сейлханова  биыл баспаналы боламын деп ойламаған. Енді  Іргелі ауылындағы Л.Толстой мектебінің ұстазы Дана Нұрбекқызы Қаскелеңде орналасқан  «Алтын ауыл» ықшам ауданында бір бөлмелі пәтердің иесі. Аталған бағдарламаның толық емес санаты бойынша баспанаға қол жеткізіп отыр.

Ауданымызда бұл бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау шілде айының 17-сінен басталған болатын. Банк қызметкерлерінің берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша бүгінгі күнге дейін  «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға 109 адам өтініш білдірген.

Дәл осылай Дана Сейлбекова сынды «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы боламын десеңіздер аудан орталығында орналасқан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» білікті мамандардан кеңес алсаңыздар болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях