Темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді  

Темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді   

Қазақстанда темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы hola news.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді темекі шегуге болмайтын қоғамдық орындар қатарына балалар алаңы, автобус аялдамасы, метро және жер өткелдері кірді.

Сондай-ақ, қоғамдық орын деп танылған жерлерде қорқор, электронды темекі және өзге де темекі өнімдерін тартуға болмайды.

«Біздің жастар әр түрлі орындарды қорқорды (кальян) жиі қолданады. Енді кафелерде, қоғамдық орындар мен  көшелерде оларды пайдалануға тыйым салынатын болады. Егер кімде-кім кальян шеккісі келсе, оны тек үйде ғана қолдана алады», — деді алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков.

Енді темекі мен түрлі қоспаларды тек 21 жастан бастап сатып алуға рұқсат етіледі.  Сатушылар тұтынушыдан жеке құжатын көрсетуді талап етуі керек.

Сонымен қатар, мейрамхана сөрелерінде темекі мен кальян қоспаларын көрсетуге тыйым салынады.

Мұндай жерлерде тәртіп бұзған азаматтарға салынатын айыппұл көлемі 42 000 теңгеге дейін өскен.

Аталмыш ереже келесі жылдан бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях