Текелі қаласының әкімі тағайындалды

Текелі қаласының әкімі болып Молдахметов Батыр Қайыркенұлы тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Текелі қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап
​Батыр Қайыркенұлы Молдахметов 1978 жылы Алматы қаласында туған. 1999 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Инженер-педагог» мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Д. Қонаев атындағы университетін «Заңтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

​2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет өткерген.

Еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласының политехникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған. Алматы облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы-облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен.

​2018 жылдың қаңтар айынан – Текелі қаласы әкімінің орынбасары.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях