Тарихтағы батырлардың шайқаста қолданған қаруын ұстап, сауыт саймандарын киіп көруге мүмкіндік бар

0
3166

Бүгінде ауданымызда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында еліміздің, жеріміздің тарихын бейнелейтін және оған қоса, ата-бабаларымызды тереңінен таныстыратын орталықтардың саны күн санап көбейіп келеді. Жақында олардың қатарына көшпелілердің дәстүрлі әскери өнерін дәріптейтін «Номад» этно орталығы кіріп, халыққа есігін ашты.

Жалпы, мұнда сақ, ғұн, үйсін, түркі, түркі-моңғол және қазақ халықтарының ежелден келе жатқан әскери тәсілдерін және киім үлгілерін арнайы дайындалған түпнұсқалары арқылы орталық қызметкерлері бейнелеп, көрсетеді. Бір ерекшелігі, бұл жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, олар жайлы мол мағлұмат алып, тарихын, артықшылығын білуге болады екен. Сонымен қатар, әр қаруды қолға ұстап, сауыттарын киіп көруге де мүмкіндік беріледі. Яғни, барлық келушілер бір сәт болсада батырлардың бейнесіне ене алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь