Талдықорғанда – жаңа әкім

Талдықорғанда – жаңа әкім

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл облысында ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған.

Әр жылдарда ҚазССР Автомобиль жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 бас инженері, Жуалы ӨЖУ бастығы, «Жамбылавтожол» КМ-нің, «Казақавтожол» РМКК Жамбыл филиалының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары Алматы мемлекеттік мекемесінің бас инженері, Алматы облысының автокөлік жолдары департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы директорының орынбасары, директоры, Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық басқармасының директоры, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.

2014 жылдың қазан айынан – Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, Алматы облысы әкімінің өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы өз өтініші бойынша Талдықорған қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях