Тәуелсіздік – Тәңір тарту еткен тәтті сый (Қарасай ауданындағы салтанатты шара)

Тәуелсіздік – Тәңір тарту еткен тәтті сый (Қарасай ауданындағы салтанатты шара)

Еліміздің азаттығын айқындайтын тәуелсіздігімізге биыл 28 жыл толып отыр. Айтулы мерейлі мейрамның қарсаңында бүгін аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өз деңгейінде атқарылып, қарасай жұртшылығы думанды жиында бас қосты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.  

Мерекенің құрметіне орай ұйымдастырылған кештің басында «Тәуелсіздік тұғырым» атты бейнеролик көрсетіліп, онда ауданымыздың бүгінгі күнге дейін жеткен жемісті жетістіктері тізбектеліп, көпшілікке ұсынылды. Үлкен экрандағы әсерлі көрсетілімнен кейін аудан әкімі Жандарбек Далабаев ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен жиналған көпшілікті құттықтай келе, аудан бойынша атқарылып жатқан игі істерге де қысқаша тоқталып өтті. Сөз арасында Жандарбек Ермекұлы кеше ғана Алматы облысының әкімінің қолынан алған ҚР Президент Жарлығымен наградталған қос бірдей қуаныш иелерін құттықтады. Атап айтсақ, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиевтің «Ерен еңбегі үшін» медаліне және «Заман жаршысы» ЖШС газетінің директор-бас редакторы Атлана Исаева «Шапағат» медаліне ие болған еді.

Ізгі тілегін білдіргеннен кейін Жандарбек Ермекұлы бірқатар азаматтарды марапаттады. Оның ішінде «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің Құрмет грамотасын және де осы партияның Алматы облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаеваның Алғыс хатын, сондай-ақ, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Алғыс хатына ие болған бірқатар азаматтар бар. Дәл осындай марапаттардың ретін аудан әкімі өз атынан да өңірдің өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген белсенді қызметкерлерге де табыстады. Сонымен қатар, аудан басшысы Жандарбек Далабаев «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша бірқатар қарасайлықтарға пәтер кілтін табыстап, мерекелерімен құттықтады.

Барлық ізгі ілтипатқа ие болған қуаныш иелерінің марапатынан кейін салтанатты кештің жалғасы думанды ән-жырға ұласып, концерттік бағдарламаға жалғасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях