Президент Жарлығымен қарасайлықтар да марапатталды

Президент Жарлығымен қарасайлықтар да марапатталды

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы облысының түрлі саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 28 жыл толуына орай кеше облыс көлемінде салтанатты басқосу өтіп, Жетісу өңіріндегі саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық саланың жеткен жетістіктері баяндалды. Айтулы шараға Алматы облысының басшысы Амандық Баталов та арнайы қатысып, барша жұртшылықты мерекемен құттықтай келе, Мемлекет басшысының Жарлығымен 63 жетісулыққа мемлекеттік наградаларды тапсырды. Олардың қатарында өндіріс, ауыл шаруашылығы, бизнес, білім, денсаулық сақтау, ақпарат салаларының өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер бар.

Иә, бұл аталғандардың ішінде Қарасай ауданы бойынша өз саласында еңбегі еленіп жүрген, ауданымыздың мақтаныштары да бар. Нақты айтқанда, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев «Ерен Еңбегі үшін» медалімен наградталса, «Заман жаршысы» ЖШС газетінің директор-бас редакторы Атлана Исаева «Шапағат» медаліне ие болды. Қарасай жерінің қоғамдық қызметіне септігін тигізіп, өз саласы бойынша барынша қолдау білдіріп жүрген қос бірдей қарасайлық мелаль иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях