Дін мәселесі талқыланды

Дін мәселесі талқыланды

«Қазіргі жастардың дінге көзқарасы» осындай атаумен бүгін аудандық орталық кітапханада басқосу өтті. Кездесуге аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев пен ауданның бас имамы Ринат Ташенов келіп, жастарға жат ағымдардан қалай сақтану керек, терорризмге қарсы күрес сынды мәселелердің ара-жігін аша түсіндірді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жиында жастарды рухани тәрбиелеу, дін мен жастар арасындағы өзара ықпалдастық жайында кеңінен мағлұмат беру, сондай-ақ, жастар арасында діни экстремизм, терроризм сияқты керітартпа ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру жайлы сөз болды. Басқосуға келген қонақтар жастарға ислам жөнінде жалпы түсінік беріп, ілімсіздік, діни экстремизмнің бүгінгі бет-бейнесі туралы, өмірімізде белең алып отырған лаңкестік әрекеттер жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ, дін және дәстүрге, оның өзара үйлесіміне  қатысты өздерінің келелі ойларын ортаға салып, дөңгелек үстелге қатысқан жастарға ұлағатты кеңестерін беріп, жастар тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында бүгін жиынның басты тақырыбы дін туралы жастарға бірқатар сауалдар қойылып, сұраққа дұрыс әрі толыққанды жауап бергендерге сыйлықтар табыс етілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях