Тұрғын үйлердің газбен жабдықтау жүйелері тексерілді

Тұрғын үйлердің газбен жабдықтау жүйелері тексерілді

Тұрғын үйде болған апатқа байланысты арнайы жасақталған комиссия мүшелері тексеріс жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында өздеріңіз білетіндей, Қаскелең қаласындағы көп пәтерлі үйлердің бірі оқыс оқиғаға тап болып, қайғылы жағдай орын алған болатын. Жұртшылықты алаңдатқан ауыр жағдайға байланысты 14 қаңтарда Алматы облысы әкімінің өкімімен  «Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы көп пәтерлі тұрын үйлердің газбен жабдықтау жүйелерін тексеру бойынша комиссиясы» құрылып және оның төрағасы Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров болып бекітілгенін айта кеткен жөн.

Бүгін, міне, осы аталған топтың мүшелері аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында жиналып, тұрғын үйлерге тексеру жүргізу бойынша ойларын ортаға салды. Жиын барысын жоғарыда аталған комиссия төрағасының сенімді өкілі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бағлан Тәнікенов жүргізіп, басты мәселеге қатысты ойын білдірді. Сондай-ақ, бұл басқосуға комиссия мүшесі ретінде аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі Ермек Нәбиев те қатысты. Өз кезегінде аты аталған және басқа да комиссия мүшелері барлығын алаңдатқан жағдайды негізге ала отырып, кейбір сұрақтардың басын ашып алуды алға тартты. Жалпы, комиссия құрамындағы азаматтардың ойлары бір жерден шықты. Яғни, көп пәтерлі тұрғын үйлердегі газбен жабдықталған жылу жүйелерін жою туралы ұсынымды қолдай келе, блокті-модульдік қазандықтарды орнату керектігі сөз етілді. Осылайша, барлығы Қаскелең қаласындағы Төле би көшесінің бойында орналасқан көп пәтерлі үйлердің біріне барып, жағдайына көңіл бөліп, сол жердегі тұрғындармен жақын тілдескен еді. Алайда жиналған көпшіліктің көбісі блокті-модульдік қазандықтың қажетсіз екенін айтып, жаппай наразылықтарын білдірді.

Өз кезегінде комиссияның жұмысына жауапты Бағлан Сағындықұлы бұл жылу жүйесі қауіпсіз екенін түсіндіргенімен, тұрғындар сонда да ешқандай көмекке мұқтаж еместігін кесіп айтты. Сондағы пәтер иелерін алаңдатқан жағдай – тұрғын үй маңайының құрылысы өзгеріп, балаларға арналған ойын алаңының жойылып кетуі. Мұны ескерген жауапты саланың өкілдері ондай өзгерістер орын алмайтынын айтып жатса да, айғайға басқан көршілер қазандықтан үзілді-кесілді бас тартуларын тоқтатпады. Бір шешімге келе алмаған комиссия мүшелері тексеріс жұмысын оқыс оқиға орын алған Қарасай батыр көшесіндегі №4 үйді аралаумен жалғастырып, қазіргі жай-күйімен танысуды жөн көрді. Сондай-ақ, осы аумақта орналасқан тұрғын үй пәтер иелерімен де кездесіп, оларға блокті-модульдік қазандықты орнату жөнінде жұмыстарын түсіндірді. Ол жақтағы көршілер мұндай жылу жүйесі шыныменде, қажет екенін айтып, қарсылық танытпайтындарын жеткізді.

Тексеру жұмыс барысының соңында комиссия мүшелері алдағы уақытта әлі де бірқатар мәселелерді талқылау қажеттігін айтып, толық құраммен жақын уақытта тағы да кездесуге уағдаласты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях