Аудан әкімі халық алдында есеп берді

Аудан әкімі халық алдында есеп берді

Бүгін Шамалған округінде аудан әкімі Жандарбек Далабаеав өзінің халық алдындағы бірінші есептік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейінде облыс, аудан, ауыл әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Осы ретте бүгін аудан әкімі Елбасымыздың туған ауылындағы Шамалған орта мектеп-гимназиясында тұрғындар алдында өзінің алғашқы есептік кездесуін өткізді. Жиынға Алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Илияс Шайнусипов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бірқатар бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Басқосу барысында аудан басшысы өткен жылдың жалпы әлеуметтік экономикалық дамуы мен ағымдағы жылдың алға қойылған міндеттері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Жандармек Ермекұлы тұрғындарды мазалап жүрген ауыз су, жол, газ және жарық мәселелері туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеңінен айтып өтті. Шамалғандықтардың тарапынан мектептің қасындағы жолға бағдаршам мен жаяу жүргінші орнату, жаңадан пайда болған көшелерге атау қойылмағаны туралы, алдағы уақытта Қарасай мешітінің қасынан салынатын саябақтың ішіне балаларға арналған ойын алаңын салу сияқты бірқатар өтініш-тіліктерін тыңдады. Өз кезегінде аудан әкімі аталған мәселерді шешу үшін тиісті бөлім басшыларына бірнеше тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, аудан басшысы кездесу барысында Шамалған округінде жақында ашылған «Úshqońyr» спорт кешені, Мәдениет үйі жаңарту жұмыстан өтіп, келер жылы қолданысқа берілетіндігін, халықтың билікпен тығыз қарым-қатынас орнату үшін жақында ашылған сервистік әкімдік туралы да айтып өтті.

Шамалғандықтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берген аудан әкімі жиын соңында 2020 жылы өңірімізде атқарылатын жұмыстарды бірлесе атқарып, үлкен  жетістіктерге бірге жетейік деген тілегін білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях