Мекенжай анықтамасы енді болмайды

Мекенжай анықтамасы енді болмайды

Анықтамалардың тағы 28 түрін қысқарту жағын азаматтарға арналған үкімет ұсынып отыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Қарасай аудандық ХҚКО-ның берген ақпаратына сүйеніп.  

Электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысында «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева анықтамаларды қысқарту жайында мәлім етті.

Оның айтуынша, мекенжай анықтамасынан кейін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы мүмкін.

– Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау – қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетіндігін білдіреді, – деді басқарма төрайымы Ә.Балташева.

Реестрден аталған қызметтерді алып тастау мәселесі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланып, нәтижесінде анықтамалардың қай түрі мәліметтер санатына ауысатыны немесе мүлде жойылатыны шешілетін болады. Аталған анықтама түрлері Әділет министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура сияқты жалпы 10 ведомствоға қарасты екенін де айта кеткен жөн.

Естеріңізде болса, бұрын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою бастамасын көтерген болатын.  Сол кезде ҚР ІІМ қолдау білдіріп, өзінің мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен интеграциялаған.

1 қарашадан бастап азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінен тексере алады.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың жартысынан көбі – ақпараттық анықтамалар. Оларды жою қызмет алушылардың өмірін жеңілдетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі мен қағаз айналымын азайтады деп жоспарлануда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях