Коронавирус: Италия билігі азаматтардың ел ішіндегі қозғалысын шектеді

Коронавирус: Италия билігі азаматтардың ел ішіндегі қозғалысын шектеді

Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте ел ішінде жайылған коронавирусқа байланысты карантин шараларын кеңейтіліп, оның ішінде азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылатындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайдыKarasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Соңғы деректерді, ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санының өсуін ескере отырып, біз Ломбардия мен басқа да аймақтарға қатысты шараларды елдің барлық аумағында қолға алу туралы шешім қабылдадық, – деді ол Конте Facebook-те трансляцияланған баспасөз мәслихатында.

Джузеппе Конте белгілі себептер болған кезде ғана елде қозғалысқа рұқсат етілетіндігін түсіндірді. Олардың арасында жұмыс немесе отбасы жағдайлары, сондай-ақ, денсаулыққа байланысты қажеттіліктер бар. Жаңа нормалар 10 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұдан бөлек, Конте 3 сәуірге дейін елдегі барлық оқу орнын жабылатындығын мәлім етті. Осыған дейін барлық көңіл көтеру орны, спорт клубы, сұлулық салоны, сондай-ақ, тау шаңғысы курортын жабу туралы жарияланған болатын.

Бүкіл Италия бойынша мәдени мекемелер жабық. Соңғы деректер бойынша, Италияда инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 9 мың адамнан асты. 700-ден астам адам емделіп шықты. 463 адам вирустан көз жұмған.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях