ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАРДА БАҚ СЫНАСТЫ

ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАРДА БАҚ СЫНАСТЫ

Аудан жастары эстафеталық ойынға қатысып, спорттық шарада белсенділіктерін танытты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Спортты серік еткен жандардың қатарында біздің ауданның жастары да қашанда белсенділік танытудан қалыс қалған емес. Бүгін де олар аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Денсаулықтан асқан байлық жоқ» атты эстефеталық ойындарға қатысып, спорттық шараға қолдау білдірді.

Қаскелең қаласының орталық стадионында өткен шағын жарысқа ауданымызға қарасты барлық қала және ауылдық округтерден жиналған жастар бой көрсетті. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар эстафеталық таяқшаны табыстау, қапта секіру, кенгуру, басткетбол добымен эстафета, арқан тарту сияқты бес түрлі ойында спорттық белсенділіктерін танытып, округ атынан сынға түсті.

Күш пен икемділікке негізделген айтулы жарыста Шамалған бекетінен келген спортшылар І орынға ие болса, жүлделі ІІ орын әйтейліктерге бұйырды. Ал, Бекболат ауылынан келген жастар ІІІ орынды қанағат тұтты.

Спорттық шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан жарыс жеңімпаздарына арнайы диплом мен медальдар табыс етілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях