«Сигма-газ» ЖШС жұмысын табиғи монополияларды реттеу комитеті тексереді

0
1028

Шамалған, Жандосов, Айтей сияқты округтер мен екі саяжайды газбен қамтамасыз етіп отырған «Сигма-газ» ЖШС-нің тарифын төмендету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы мәлімдеу үшін бүгін аудан әкімі Жасұлан Естенов тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жиын барысында аудан әкімі қазіргі уақытта Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қарасай ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде желтоқсан айында 34,78 теңгені құраған қолданыстағы тарифтің негізділігін тексеріп жатқандығын айтты.

Сондай-ақ, Жасұлан Тоққожаұлы қызмет көрсетіп отырған компания өз тарапынан Табиғи монополияларды реттеу комитеті шешім қабылдағанға дейін қаңтар айынан бастап тарифті 1,53 теңгеге төмендеткендігін де мәлімдеді.

Тексеріс жұмыстарының қорытындысы шыққаннан кейін тұрғындармен тағы да бір жиналыс ұйымдастырылып, тексеріс жұмыстарының нәтижесі айтылатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь