Өскеменде бірнеше көппәтерлі үй құлағалы тұр

Өскеменде бірнеше көппәтерлі үй құлағалы тұр

Өскеменде 40-қа жуық көппәтерлі үйдің тозығы жеткен, деп хабарлайды Karasayinfo,kz  желілік басылымы «Хабар  24″ сайтына сілтеме жасап .

Алды осыдан 70 жыл бұрын салынған үйлердің,  кейбірі, тіпті,  құлағалы тұр.  «Басқа барар жеріміз жоқ болған соң, осы баспаналарды паналауға мәжбүрміз» – дейді тұрғындар. Олардың  айтуларынша, пәтер кезегі де жылжымай тұр. Оның біреуі жарымжан, 6 жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Мынау әкімдіктің «уақытша тұрыңдар» деп берген баспанасы екен.

«Аблакетка» ықшам ауданындағы бұл үйдің тұрғындары апатты үйде күн кешудің қандай қорқынышты екенін бәрінен жақсы біледі. 60-70 жыл бұрын салынған баспаналар бүгінде қақырап әрең тұр. Жұрт жауын-шашында төбеден сорғалаған сумен алысса, қатты дауылда тіптен мазалары қашады. Өскеменде дәл осындай әбден ескірген үйлерде 140-тан астам отбасы тұрып жатыр. Ал, сала басшылары пәтер кезегі ретімен жылжып келеді дейді.

– Биыл 5 арендалық үй қолданысқа берілмек. Онда 700 пәтер бар. Яғни кезектегі сонша отбасы жалдамалы пәтер кілтін алады деген сөз, – дейді  қалалық Тұрғын үй қатынасы бөлімінің басшысы Фархат Жылыбаев.

Саладағы заңбұзушылықтар да кезектің жылжуына кедергі келтіріп отыр. Өткен жылы прокуратура талай былықтың бетін ашты. 600 мемлекеттік қызметкер пәтер кезегінде заңсыз тұрған. Оның үстіне жергілікті тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы 10 жыл бойы пәтер кезегін жаңартып, реттеу жұмыстарын жүргізбеген болып шықты.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях