Нұра өзенін ластағандар жауапқа тартылады

Нұра өзенін ластағандар жауапқа тартылады

Теміртау қаласындағы №1 су электр станциясында апат болып, күл аралас қалдық су Нұра өзеніне аққан, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар» телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Оны жергілікті тұрғынның бірі байқап қалып, әлеуметтік желіге жүктепті. Осыдан соң экологтар оқиға орнына шұғыл жетіп, өзеннен сынама алады. Енді мамандар алдағы 5 күн ішінде Нұраның қаншалықты деңгейде ластанғанын анықтамақ. Ал қазір апат қалпына келтіріліп, өзенге кетіп жатқан өндіріс қалдығы тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, электр станциясынан шығатын күлді жел көтермес үшін сумен араластырып, полигонға жібереді. Болжам бойынша, қатты аяздың салдарынан сол сұйықтық ағатын бетон құбырының қабырғасы шытынап, лас су өзенге кеткен.

– Лабораторияның мамандары судың құрамасын алды. Қазір зерттеу жасалып жатыр. Бүгінде апаттың өзі ликвидация жасалды, су қалдығы тоқтап тұр. Судың сараптамасы дайын болған соң «Базис групп» мекемесіне шара қолданамыз, –  Қарағанды облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары  Әлібек Бекмұхаметов.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях