Болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі

Болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі

Таяуда Шелек ауылында  өткен облыстық бәсекеде  12 қарасайлық  жасөспірім  бокстан өз бақтарын сынап қайтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жас былғары қолғап шеберлерінің арасында жүлделі оралғандар да бар. Атап айтқанда, үшінші орынды  Ерсұлтан Жандулла, Диас Алтыбай, Шыңғыс Сапарбаев иеленсе, Әділжан Алашұлы мен Әділбек Еркін екінші орынға лайық деп танылды. Ал, Алдияр Мэлс пен Әсет Адилов бірінші орын алып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Айта кетейік, біздің ауданнан барған қарасайлық команда да бірінші  атанды.  Осылайша, бірінші және екінші орыннан көрінген жүлдегерлер Қазақстанның шығыс аймақтық чемпиондық біріншілігіне жолдама алды.

Жас спортшылар Қаскелең қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттығады.  Олардың бұл жетістікке жетуіне  аталған мектептің бапкерлері Бақытбек Сейітбеков  пен Дархан Беркіновтың қосқан үлестері  зор. Балалардың еңбектері елеусіз қалып жатқан жоқ.

Өткен аптаның сенбі күні  жеңімпаз атанған спортшыларды аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Серік Камзанов қабылдады. Олардың кездесуіндегі негізгі мақсаты  спортшылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту,  қолдау білдіру, көтермелеу.  Жас жеткіншектерді елеп, ерекше көңіл бөлу оларды жігерлендіретіні  сөзсіз. Жүздесу барысында аудандағы спорт саласының жанашыры Серік Сайлауханұлы балалармен емен-жарқын пікір алмасып, алдағы дүбірлі додада сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях