Шын мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді  

Наурыз мейрамының қарсаңында Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев  өз атынан екі мүмкіндігі шектеулі жанға сый жасады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қаскелең қаласының тұрғындары Ботагөз Өтебаева мен Маржан Сәбит осыдан бір жыл бұрын жол көлік апатынан алған соққы денсаулықтарына зардыбын тигізіп, қазіргі таңда олар бірінші топтағы мүгедек жандардың қатарында. Соңғы бес айдан бері Маржан мен Ботагөз «Алтын ауыл» ықшам ауданында Асылбек Жалдыбаев ашқан «Күш-қуат» оңалту орталығында емделуде. Адам ағзасының әрбір дене мүшесіне, бұлшық еттерінің қимыл қозғалысына лайықталып, ойластырылып жасалған жаттығу құрылғылардың арқасында олардың денсаулығы реттеліп келеді. Дегенмен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қос арудың бүгінде бұл орталыққа күнделікті қатынауы, оның ішінде қозғалып-қимылдауына  қолдарында мүгедектер арбасының болмауы қиынға түсіп жүр. Осыны естіп, бұл мәселені басты назарға алған Асқар Өкенұлы Ботагөз бен Маржанға ем қабылдап, жаттығу бағдарламаларын жасайтын орталыққа арнайы барын мүгедектерге арналған арбаны табыс етті. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдап демеп отырған мекеменің басшысы Асылбекпен танысып, орталықтың жай күйіне қанық болды. Қазіргі таңда онда бес адам тұрақты түрде емдік курстан өтіп жатыр екен.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях