Шетелдіктер үшін елімізге виза алу оңайталандырылды

Шетелдіктер үшін елімізге виза алу оңайталандырылды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері «Шетелдікті шақырту» қызметін электронды форматқа көшірді,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, бұған дейін кез-келген шетел азаматы біздің елімізге виза жасату  үшін Қазақстан елшілігіне барып, құжат тапсырғанан кейін  30 немесе одан да көп уақыт күтетін еді. Ал, енді бұл қызметті онлайн пайдаланып, визаны 5 күнде көші-қон порталынан алуға болады. Ол үшін төмендегі деректерді көші-қон порталындағы жеке кабинетке толтыру қажет:  алдымен шетелдік азамат жеке басын дәлелдейтін деректерді жүйеге енгізеді; электрондық үкімет арқылы мемлекеттік баж салығын төлейді (әр адамға 0,5 АЕК); 5 жұмыс күнінен кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне шақырудың 10 таңбалы тіркеу нөмірі келеді. Оны алған  шетелдік азамат шетелдік визалық-көші-қон порталда өтініш толтырады да, оған 15 минут ішінде электронды виза жолданады;  сол визаны басып шығарып, Қазақстан шекарасында паспорт бақылауынан өткенде көрсету керек.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях