Ұшқыштар 1 млн-ға дейін жалақы алады

Ұшқыштар 1 млн-ға дейін жалақы алады

Қазақстанда ұшу аппараттары жасау және оны пайдалану бағытын бітірген түлектер 1 млн теңгеден астам жалақы алады. Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» сарапшыларының мәлімдеуінше, бұл бакалавриат түлектерінің арасындағы ең жоғары жалақы. Нақты айтқанда, 1 млн. теңгеден астам еңбек ақыны «5В074300 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану» бағытын бітірген түлектер алады.

Сонымен қатар, «5B070800 Мұнай-газ ісі» (338,4 мың теңге), «5В071500 Теңіз техникасы және технологиялары» (298,7 мың), «5B070700 Тау-кен ісі» (276,1 мың), «5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» (257,4 мың), «5B100200 Ақпараттық технологиялар жүйесі» (268,5 мың) мамандықтары бар.

Магистрлерге келетін болсақ, ең жоғары жалақы – «6М052000 Іскерлік әкімшілік» (614,8 мың теңге), «6М051400 Қоғаммен байланыс» (500,7 мың теңге), «6М070700 Тау-кен ісі» (391,6 мың), «6М070800 Мұнай-газ ісі» (386 мың теңге), «6M070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (374,7 мың теңге) бойынша оқуды аяқтағандардың үлесінде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях