Семейлік мектеп оқушысы кәсіпкер атанды

Семейлік мектеп оқушысы кәсіпкер атанды

Семей қаласының мектеп оқушысы жиһаз жасайтын кәсіпорын ашты. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жария болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Startup Battle» – бұл Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде жыл сайын өткізілетін Семей қаласының оқушылары арасында кәсіпкерлікті насихаттауға арналған конкурс болып табылады. Аталмыш сынаққа №30 жалпы білім беретін орта  мектептің 11 сыныбында оқитын семейлік Надир Сабитов қатысып, грантын жеңіп алды. Соның арқасында оқушы-кәсіпкер қаңқасыз  жиһаз жасаудан өз бизнесін ашты.

– Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторына қарасты «Fox» орталығының  тренингтеріне қатысу кезінде маркетинг, сату және дизайн туралы алған білімдер мені Семей нарығын жаулап алуға көмектесті, қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз, – дейді жас кәсіпкер, мектеп оқушысы.

Қазірдің өзінде Надирдің кәсіпорны шығаратын пуфа-қапталарға сұраныс жоғары. Оның қоластында екі тігінші мен ассистент жұмысын атқаратын үш қызметкер бар. Оқушының айтуынша, жақын уақытта жиһаз өнімдерін Өскемен мен Павлодар халқы да сатып алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, Семей қаласының жас кәсіпкері келешекте мемлекетіміздің ішкі саудасын бағындыра отырып, ТМД елдерінің нарығына шығуды да мақсат етіп отыр.

Желілік басылымдағы сурет inform.kz сайтынан алынды

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях