Заңсыз сауда нүктелері тексерілді

Заңсыз сауда нүктелері тексерілді

Жақында «Асыл Арман» тұрғын үй кешені әкімшілігі тарапынан осы жердегі заңсыз сауда дүңгіршектеріне қатысты аудан әкімдігіне хат жіберілген болатын. Осы себепті бүгін жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған комиссия аталмыш тұрғын үй кешеніне барып, рейд жұмыстарын жүргізді.

Келген комиссия мүшелерін «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніне қызмет көрсетуші «Сервис Комфорт Плюс» ЖШС-ны директорының орынбасары Шерхан Есіркен күтіп алып, өзі бастап жүріп заңсыз сауда нүктелерін көрсетті. Осы орайда, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Дәрмен Жапаровтың айтуынша, кіре берісте орналасқан үш дүңгіршек ең алдымен кешеннің сәулеттік бет-бейнесіне нұқсан келтіріп тұр, әрі заңға да қарамақайшы екен.

Сонымен қатар, олардың орын тапқан жерінің де мақсатты пайдалану бағыты басқа екіндігі анықталып, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ғазиз Малдыбаев осындай ретсіз жабайы сауда нүктелерінің иелеріне ескерту жасап, өз істерін тоқтатпаса, заң жүзінде жазаланатындықтарын жеткізді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях