SDU University-ді таңдаған грант иегерлерінің саны биыл топ жарды

SDU University-ді таңдаған грант иегерлерінің саны биыл топ жарды

Статистика бойынша осы жылы SDU University-ге түскісі келетіндердің саны артқан, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2024 оқу жылына бакалавриат бойынша 88 204 білім грантын бөлген болатын. Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарын дайындауға арналған.

Мемлекеттік грант иегерлерінің статистикалық мәліметіне сүйенсек, SDU University-ге бакалавриат, магистратура мен докторантура бойынша жаңа оқу жылына келген 2447 білімгердің 1741-і мемлекеттік грант иегерлері атанды. Оның ішінде республика бойынша  екі шет тілі мамандығына бөлінген 200 гранттың 135 иегері SDU University-ді таңдаған.

Сондай-ақ математика және педагогика саласына даярлайтын мамандықтарға бөлінген жалпы гранттар санының 53% иегері аталған оқу ордасын таңдаған.

SDU University баспасөзі хабарлағандай, өткен жылдармен салыстырғанда бұл тарихи көрсеткіш.  Аталған университетті таңдаушылар саны жылдан жылға артып келеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях